26/01/2022
Махаббатымның майталманы...
Махаббат деген-киелі ұғым қастерлі,
Махаббат деген-өмірлік серік сенімді.
Махаббатыңның майталманы болмаса
Несіне маған бұл атаудың да керегі?
Құрметтеп мені,қадірлеп,баптап,қорғаштап
Жүрмесең егер жанымда жайнапжазқұсап
Жүрегімдегі әрбір дүрсілді тыңдап ап
Отырмаған соң найзағайлардан қорғаштап
Жалғыз жүректің соғуы өте қиындау.
Қисынын тапқан қорғаушым менің қапы да-ау
Көздерден аққан моншақтай болған жастарым
Көлігіңнің терезесіне келіп түсті ма-ау!!!
Майталман деген-нағыз маманның иесі...
Жеңістің туын желбіреткен игі істі...
Бар қиындықтарға мойымай өткен азамат
Нағыз махаббатымның майталманысың ең ізгі...
Ай,қайдам ондай адам жоқ шығар бұл жалғанда???…
Кіл бос талтаңдаулар мен құр бос кеуделелер қаптаған заман болдығо…
“Айналайыным”-дейтін сөздің жетпеуі жан ауыртады…
24/01/2022
Қандай қиын іс болып тұрса да,күле білудің өзі бір-бақыт!!!
Аллам абыройдан айырмасын…
Биік белесті бағындырамын…
Ең бастысы сағым сынбасын..
Темірдей мықты саулығым болсын!!!
Мықтылықтың майталманы менде ғана бар…
22/01/2022
Көзәйнектің артындағы көңіл-күй…
Құлазып бара жатсам да күліп тұрамын.
Қиналып бара жатсам да жымиып тұрамын.
Өмірдің әрбір сәтіндегі келеңсіздіктерді жақсылықпен болжап тұрамын.
Бәрін де жеңіп келе жатқан батыр қыз-мына мен боламын!!!
19/01/2022
Пост жазбағалы қай заман???
Шабыт жоқ па?Уақыт жоқ па?Құнт жок па?
Білмеймін???
Адамдармен сөйлескім де келмейді қәзір…
Себебі:сенбеймін.?!
Беттері жылтыр,іштері қуыс,көреалмайтын клоундар қаптап кеткен мен үшін…
Бұрынғы балалық-шағымды сағынамын қатты…
Апыр-сапыр көршінің үйінде,кластастың үйінде одан қалса туғандардың үйінде апталап жүру,қону.
Қәзір не?
Статустан әркімнің отчетын көресің,той мен садақаға ватсаппен шақырады,ауру жұғады,ешкім ешқайда бармайды.Араласпайды,әйтеуір бір болмайды.
Скоро ағайын-тумамен араласпайтын да болармыз…
Тіпті телефон соғып құттықтауды да қойдық.Главный телефон болсын,ішінде мегабайт болсын,зарядкасы толып тұрсын,басқа ештеңе керек емес боп қалған сияқты мен үшін…
Адам бұл нәрседен де жалығады екен әттең…
Тоғын сүйреп әр бөлмеге тасыған домашний телефоным,асыр сап ойнаған тоғыз қаңылтырым,қаратер боп билеген дискотекам,таласып ішкен мастер согым,саласка тепкен мұздағым,бөліп жеген коржыгым сен тәтті екенсіңғо.
Мен үшін үлкен естелік…
Ал,балаларым не естелік айтады екен???
Тик токпен инстаны ма?Әлде майнкрафт пен кальмарды ма?
Қатты ойланамын осы нәрсені…
Балалық шақтың нағыз көрінісі қайда деп???
14/12/2021
Мен жалпы мамандық таңдаудан қатты қателескенмін🤭
Енді ойланып жүрмін???
Не істесем екен деп???
Кеш-ау бәрі де???
Қалай?не істеймін???
Майын тамызатын,жілігін шағатын журналист болатын едімғо ???
Әттең,әттең болып жүрмін…
35жастағы апа,17жастағы балалармен енді группалас болсам ұят па?
Миым қатты….
Бір ақылдарың болса дайректе жіберіңдерші…
25/11/2021
Ана мен үш балапан…
Қарашаның тағы бір суығы,күреңіткен күрең күзі бір сәтте бір кіндіктен тараған,3балапанымен анасын бұл өмірмен қоштастырды.Жазуға қолым бармаса да қалам сиясы тоқтар емес.Елді дүрліктірген бұл оқиға мені де тыныш жатқызбады…
Қазағым “Алып-анадан туады”,демеп пе еді?Құнанбайды туған Зере,Абайды туған Ұлжан,Шоқанды туған Айғаным жоқ деп жүргендер қаншама?!
Той мен жаназа да қазақ екенін есіне алып,ұлттық дәстүр мен салт-сананы бір уақыт қана ұстанып,басқа сәтте өзгере салатын бір ел болып кеттік пе деген ой да мені мазалайды…
Жеме-жемге келгенде бәріне Әйел-Ана жауапты,бәрі соған байланысты деп,ысыра салатын,жеңілдің үсті,ауырдың астында жүрген Азаматтар көбейіп кетті ме деген ой да ұйықтатпайды…
Күректей құжаты бар,мәдениетті құлға айналған,феодал мен құл секілді дәуір келіп қалды ма деп те ойланамын?!
Ойлана отырып,тектілік деген қазақтағы теңдесі жоқ сөзге келіп тірелемін.Текті тазалайтын-әйел,бар жағдайы жасалған,көңіліңе кірбің мен көлеңке түспеген,бауырсақтай бапталған көңілі жаз,көкірегі мейірімге толы,жан-жарасы махаббатттан тасыған әйелден сапалы ұрпақ туылатыны сөзсіз.Әй,қайдам?!
Қызын төрінде ұстап,қырық үйден тыйып,намысын таптатпай,кірпігіне жас үйірмей,ешқашан налытпаған қазақ едік.Қәзіргі қыз жасы ,әйел жасы табиғатына сай жылау болып кетті ме?!
Қаракерей Қабанбайлар,Қанжығалы Бөгенбайлар,Шапырашты Наурызбайлар,қорғасындай азаматтар қайда екен деген ой түйіндеймін…
Мүлгіген сана,өлген сезім,жетесіздік.
Бұны қоғам өзі дәлелдеп тұрғандай…ма?!
13/11/2021
Достарыма арнаған тілегім..
11/11/2021
Қош келдің 35❤️
Қош көрдім35❤️
34-ке ризамын…
Сыналсам да сынбадым…
Қайта тұрып қайралдым.Алланың берер сыйы таусылмасыншы…
Екі балапанымның қызығын көрген Ана болайын…
21/10/2021
Адамды ееі нәрседен байқауға болдаы:бірі жоқ кездегі шыдамдылықтан,бірі бар кездегі құтыруынан….
Жоқ деп налыма,алла өзі беріп,өзі алады.
Бар деп құтырма,жоқ тың да ауылы жақын боп қалуы мүмкін.
21/10/2021
Керемет! Оқи отыра, ойланып отырсам, кейде менің сөзім сияқты көрініп кетеді. Ақыры жүрекке жетіп тұр ғой. Аман жүр, болмысы бөлек, көңілі көктем, айтарының күлбілтесі жоқ көпшіл қыз Зүлфия!
Қымбат Кәрімнен келген теңеумен бөлісе отырайын…
14/10/2021
Белгісіз бір жігіт бейтаныс қызды ермек қылу мақсатында оның парақшасына:
- Сəлем! Таныссақ болама?- деп жазды. Қыз: - Əуелі менің кім екенімді біліңіз,- деді. Жігіт:
- Олай болса өзіңізді таныстырыңыз?
Қыз сыпайылықпен былай деп жазды:
- Сіз азап бермеуіңіз үшін жəне сіздің бір бөлшегіңізден болғанымды ұмытпауыңыз үшін сіздің қабырғаңыздан жаралған Хауамын... Мен жанұяңызды сақтаушы əрі гүлдендіруші анаңызбын... қарындасыңызбын... қызыңызбын... жұбайыңызбын... Мен жəннат аяғының астында тұрған Анамын. Мен туралы Раббымыз сізге "Əйеліңізге жақсы қарым-қатынаста болыңыз" деген. Мен сондай жанмын, егер салихалы əйел болсам салих болмаған мың еркектен абзалмын... Мен сондай жанмын, бір күні сізге ұқсаған бір ер кісінің некелі жары... Мен сондай жанмын, атам, əкем, ағам, інім, нағашым, бабаларымның намысын желкемде көтеріп жүрген қамал... Мен сондай жанмын, ар-намыс деп аталатын гауһарды жалғыз иесіне жету үшін көз қарашығындай сақтап жүрген бахыл... Егер мені жай ғана ермек етпекші болсаңыз біліңіз, сіздің қарындасым деп білетін қарындасыңызбын... Енді өзіңізді таныстырыңыз, ей құрметті кісім!
Жігіт қысқа ғана жауап берді:
- Мен жай ғана қыздарды ермек етуші көздері көр, шайтанға ерген күнəһар пендемін...
Сізді тəрбиелеген Анаңызға мың алғыс!!!
Қазақ қыздарымыз өз ар-намыс, ибалылығын əрдайым осылай сақтасын!..
Оқи отырыңыз…
10/10/2021
Өмір…
Өмір-дегенің күлдіріп тұрып жылатады
Жылатып тұрып тағы бір сәт жұбатады
Шыдамды болу-келеме сенің қолыңнан
Деп сұрамайды,кез-келген сәтте құлатады
Кей кезде қырды асып бір кеткім келеді
Серуендеп сонау биік тауларға жетеді
Әттең-ай,әттең кейіпкер болсам ертегі
Айға да барып мұңымды шаққым келеді
Күн менен ай да бір-бірін әлі көрмеген
Мендегі жүрек көрмейді солай тым ерек
Жақсы адамдардың жөнімен түзу журе алсам
Бақыттың сәні осы ма еспе деп,таң қалам…
Сырт көзге бәрі болғанмен жылтыр іш қандай?
Болып жатқанын сезбейді ешкім бұл қалай?
Сырымды сонда кімге мен барып ақтарам?
Тыңдайтын құлақ болғанмен -жүрек жоқ ондай…
Өмір-сен тәтті,ащы да удай боласың…
Кей сәтте тіпті дәмсіздік сезіп қаласың.
Өмір-дегенің ең үлкен Кино екенғой..
Мендегі рольдің өзі бір үлкен қорғасын…
ТЗС 11.10.2021
10/10/2021
Жақсымен өткен бір күнің,жаманның өтіп кеткен өмірімен тең…
09/10/2021
КЕЗДЕСТІК ҚОШТАСҚАЛЫ...
Көзіңмен көлдей тұнық қызықтырдың,
Жазықсыз жүрді сонда жүзіп бір мұң.
Қоштасар сәт келгенде қимай мені,
Мөп-мөлдір мұңнан моншақ үзіп тұрдың.
Жүрекке жұп бола алмай сендегі адал,
Таусылды тағат, төзім, мендегі амал.
Жасыңды жел кептіріп қоңыр кеште,
Қоңыр күз қолыңа әкеп берді орамал.
Таза едің таңғы шықтай, пәк мінезің,
Әп-сәтте кермек татып тәтті кезің.
Жаным-ау, сенен емес, сенен емес,
Салқындық сезімімнен таптым өзім.
Ұмыттым.
Бәрі, бәрі ұмытылды,
Жаныма махаббаттың мұңы тұнды.
Қураған жапырақтай жалған сезім,
Алсам да алақанға... үгітілді.
Кездестік қоштасқалы...
Күз. Кешкілік,
Мұңлы әуен тұрды алыстан бізге естіліп.
..Шақырып кездесуге сонда сені,
Кеттім-ау жалғыздықпен жүздестіріп.
08/10/2021
Қанша қиын болса да сынбауға тырысамын…
Әлі де көп нәрсені дәлелдеймін…
Мықтылықтың артында үлкен мақсат тұр..
Бұл күндерге әлі талай күліп қарармын…
03/10/2021
Мен туралы кімнің не ойлайтыны мен үшін,маңызды емес.
Қиналған сәтімде жанымда болған жандар маңызды.
Жұрттың сөзі,әңгімесі айтылады да қалады.Мән бермеңіздер.Ит үреді,керуен көшеді.Ең бастысы-жетем деген арманыңа мақсат қоя біл.Бақайдан қағып,бармақтарын тістеп қалып жатқан жандар көптеп кездесуле.Мән бермеңіз…
Сіз алар асу әлі алда….
Әр таңымнан бақыт күтсем.
Әр түніме тыныштық тілеймін.
Өмір атты киноның кермет бақытты актрисасы болу бұйырсын.
Жақында жақсы жаңалық???
01/10/2021
Мен Сіздермен мақтанамын…
Аман жүріңіздер…