23/08/2022
Қош келдің 25 жас!✊🏻
Бірінші Аллаға сансыз шүкір! 🤲🏻 Екінші ата-анама мың алғыс!❤️
Мүшел жас! Бұл туралы қазақта неше түрлі ырымдар бар.
Бұрын мүшел жасқа толса жасырып, бір жас кіші, болмаса жоғары айтатын болған! Тіпті, ұлдары үйленбей, қыздары тұрмыс құрмаған. Көз тиеді, қауіп қатер көп болады деген.
Ал қазірше? Қазір мүшел жасқа толсақ қуанамыз, дүркіретіп той жасаймыз.
Негізі өмірдің заңдылығы Алланың қолында!🙌🏻
Алла қанша ғұмыр берсе, қандай сынақ берсе де қашып құтыла алмаймыз! Сондықтан, тек Алладан сұраймын!🤲🏻
Басымызға амандық берсін!
Асымызға адалдық берсін!
Келген жас берекесімен келсін!
Шаңырағыма шаттық мерекесімен келсін!
Сынақ берсе сүріндірмесін!
Өмірімнен түңілдірмесін!
Нәпсіге бағындырмасын!
Дінімнен жаңылдырмасын!
Еңбегімнің байлығын берсін!
25-тің қайырын берсін!
Қайырлы жас болсын! Инша Алла!🤲🏻 Биссимилляһ деп қадам бастық!✊🏻
Құттықтауларыңызға рахмет! Алла разы болсын!✊🏻❤️
#туғанкүн #25 #жас #мүшелжас
16/03/2022
Әкемнің бәйге алар тұлпарымын,
Анамның биік самғар сұңқарымын.
Қазағымның батысын мекендеген
Адай атты рудың Ақжол атты ұрпағымын!⬆️💪🏻
Наурызға қарсы жақсы фотосессия болды.🔥😎
#фотосессия #казак #қазақ
13/03/2022
13.03.2021-13.03.2022
Аллаға сансыз шүкіршілік!
13 наурызда Ақтауға барып сөз салған болатынмын. Міне сол күнге де бір жыл өткен екен. Ал қазір сол кездің нәтижесі!😍
Бұл менің немесе келіншегімнің таңдауы емес, ең бірінші Алланың таңдауы!🤲🏻
Алланың қалауымен барлығы да орындалып келе жатыр!
13.03.2021 күні мен өмірімдегі ең үлкен шешімді қабылдап, үлкен қадам жасадым!
Ол мен үшін қайырлы болды!🤲🏻
Бұл біздің жеңісіміз!❤️
Бізге Алла жар болсын!🤲🏻 Мәңгі жанымда бол алтыным!❤️💋
Әкем мен анама деген, маған деген құрметіңе рахмет!❤️
#махаббат #хикаясы #😅 #❤️
22/02/2022
Жаяудың шаңы шықпас,
Жалғыздың үні шықпас.
13/02/2022
Қайнар ағаның өзі айтқандай бүгін бір квартет болдық ағайын!
#той #2022 #кайнар #квартет
17/01/2022
Әйел-ерінің көлеңкесі!
#фотосессия #фото #семья #лавстори
11/01/2022
Қош келдің!
Қош келдің Жаңа 2022 жыл
Қош келдің Жаңа Қазақстанға
Өткен іске өкпе жоқ. Болашақтан үміттіміз!
Бұл жағдай барлығымызға сабақ болды.
Ендігі заман бейбіт болсын!
30 жыл өтті, енді Қазақстанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын!🤲🏻
Бейбітшілікті бірлікпенде орната алмайды екенсің, иман мен арың таза болмаса!
#жаңажыл #жаңақазақстан #2022 #қазақстан #болашақ
01/01/2022
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
Осы демалысымды өз отбасыма арнадым!
Бұл біздің қазіргі толық отбасымыз.😍
Инша Алла ортамыз тола берсін!🤲🏻
Аллаға сансыз шүкіршілік!
Барлығы ойлағандай, өз ретімен болып жатыр.🤲🏻
Отбасым аман болсын!
Алла тіл көзден сақтасын!
Мен сіздерді жақсы көрем!❤️
#семья #отбасы #жанұя #шаңырақ #аллағашүкір
31/12/2021
Келіп жеткен 2022 жыл берекелі болсын!
Аллаға сансыз шүкіршілік!🤲🏻
Отбасыларыңыз аман болсын!
Бүгін отбасымызды бір қуанттық!😍
Ата-ананың ризашылығынан асқан бақыт жоқта шығар!
Осындай ақ дастарқанымен, ата-анамызға құрметімен, маған демеу болып жүрген алтын келіншегіме рахмет! РИЗАМЫН!❤️
#2021 #соңғыкүні #2022 #басы #отбасы #семья
25/12/2021
Алланың берген бағын ұлықтасын,
Қу мансап, дүниеге құнықпасын.
Әр адам биігінде қалу үшін,
Төменнен бастағанын ұмытпасын!
#той #тамада #2021
30/11/2021
Алла қалап бастарыңа бақ қонсын,
Табысты болып, астарыңда тақ болсын.
Асып-тасы мейлі бірақта
Көңілдерің кір шалмаған ақ болсын!
#қараөлең #ұйқас #автор
13/11/2021
Ассалаумағалейкум ардақтылар!
Пост салмағаныма біраз болды, Хромтау халқының қуанышынан бір фото. Бұйырса видеосы шығатын болады!
Той болса хабарласцңыздар‼️
#хромтау #той #асаба #ақжол #асабаақтөбе
01/11/2021
Өткен өміріңе бір қарап шықшы!
Қандай өзгеріс, жетістік көрдің?
#бір #күнің #бір #күніңе #ұқсамасын #мотивация
29/10/2021
Бүгінгі тойдан бір фото😎
#тойбастар #той #болсын
01/08/2020
БІР ҒИМАРАТ, ЕКІ ӨМІР
⠀
Өмірге келген әр адамның өз мақсаты болады.
Бірақ мақсат біреу болмайды!
⠀
Осыдан 5 жыл бұрын. Қалаға оқуға келдім. 1 курсты жақсы аяқтап. Жұмыс жасаймын деп жаз мезгілінде қалада қалдым.
Солай, жұмыс қарадым. Барлығына белгілі, студенттерге ең ыңғайлы жұмыс сол баяғы официант😅.
⠀
Үлкен мейрамханаларда официант болып жұмысқа кірдім. Ақшасыда жақсы, уақытыда ыңғайлы болатын.
Бірақ, жұмысқа шыққанда үнемі ішімнен өз-өзімді жегідей жейтінмін.
Сондағы ойым:
-менде өнерде оқып жүрмін. Меніңде қолымда бар өнер. Бірақ, жасап жүргенім мынау. Менің сол тамадалардан қай жерім кем.
Былай қарасаң саламыз бір, мүмкіншілігіміз бөлек. Неге?-дейтінмін.
Қасымдағы бірге жұмыс жасап жүрген достарымның құлақ етін жейтінмін. Өзіміз сияқты адамдар өнер жолындағы. Бізде неге солай жүрмейміз деп.
⠀
Сол бір ішімдегі тынымсыздық ақыры ішіме сыймады.
Бір күні өз-өзіме серт бердім. Енді официант болмаймын. Менде тамада боламын.-дедім. Және сол сөзімде тұрдым.✊
⠀
Мүмкіндік шексіз, тек оны адам өзі тежейтінін түсіндім.
Міне, қазір Аллаға шүкір!🤲
Ешкімнен артық та, кемде емес Асабалық қызыметімді атқарып жүрмін!😊
Сол баяғы официант болған мейрамханаларыма асаба болып барып жүрмін.😎
Кей кезде, тойға барғанымда есіме түсіп, бір күлемін.😊
⠀
Алла бізге барлығын берді. Тек соны дұрыс пайдалану өз қолымызда.
Адам өз өмірін өзі құрастырады!
Иә, әрине Алланың қалауымен!
Бірақ, сынақ пен қателікті шатастырып алмайық!☝️
⠀
Әр, мұсылман ауқатты да, бай, әдемі өмір сүруге лайықты.😊✊
Себебі, Алланы еске алып жүреді.
Ал, Алланы еске алатын адам, қай нәрсенің болса да қадірімен, дұрысын біліп жүреді.👍
⠀
Бұл менің мақсатымның, жетістігімнің бір парағы ғана. Бұнымен тоқтамаймын және тоқтамаңыздар!✊
⠀
____________________________________
#Ақжол #тамадаАқжол #асаба #асабаАқжол #пост #фото #мақсат
05/07/2020
Ассалаумағалейкум жақсыларым!
⠀
Аллаға шүкір!
бауырым құрған шаңырағың биік болсын!
Тойды аман-есен, абыроймен өткізіп келдік! ✊
04.07.2020
⠀
02/07/2020
Ассалаумағалейкум жақсыларым!👋
⠀
Но конец то тағы карантин😅
⠀
5-нен бастап қайта карантин.
2 аптаға, сосын тағы 2 аптаға и сосын тағы....)))
⠀
Иәә қазір енді немқұрайлы қарайтын жағдай емес.
Қаншама адам ауырып жатыр, Алла шипасын берсін!
Алла жар болсын баршаңызға!🤲. Ауырмаңыздар, сақтанып жүрейік☝️
⠀
Енд 5-нен бастап жұмсақ диванда тыныш отырайық😉, аман болыңыздар✊....
⠀
#той #асаба #Ақжоласаба #асабаАқжол #тамада #карантин #еще #карантин